Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҮЕУ Екатеринбургтің шетіндегі әсем Шарташ көлінің жағасындағы 1,5 мың гектар аумақта салынады. Жоспар бойынша онда 200 мың студент дәріс алатын болады (қазір Екатеринбургте 140 мың студент оқуда). Олардың арасында ТМД, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай елдерінің жастары болмақ.
"Дәріс негізінен орыс тілінде оқытылады. Алайда, кейбір пәндер оқушының тілінде де үйретіледі, меселен, қытайша сабақ жүргізіледі", - деп хабарлады хатшылықтағылар.
Жоғары оқу орнының құрылысы мемлекеттік және халықаралық қаржыландыру есебінен жүргізіледі. Жалпы қажетті инвестицияның мөлшері анықталмаған. Университеттің құрылысы үш сатымен жүргізіліп, біріншісіне 8 жыл уақыт кетеді. Ал жалпы университеттің құрылуына 30 жыл қажет.