Ресейде іздеуде жүрген азамат Қазақстанның батысында қолға түсті

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҚО полицейлері Зеленов ауданындағы «Шаған-Авто» бақылау бекетінде 42 жастағы Ресей азаматын қолға түсірді». «Аса ірі көлемде есірткі сатты деп айыпталған оған Шешенстан полицейлері іздеу жариялаған болып шықты», - делінген хабарламада.

Күдікті уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.