Ресейде Каспий жағалауы елдері Мемлекет басшыларының 4-ші саммиті өтеді

Бұл туралы бүгін Каспий маңы елдері Сырт істер министрлерінің орынбасарлары жұмыс тобының 35-ші отырысында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Қайрат Сарыбай мәлім етті.

Оның атап өтуінше, бүгінгі алқалы жиын қазіргі замандағы күрделі экономикалық жағдай аясында Каспий теңізі өңірінде және тұтастай әлемде қалыптасқан биосаяси ахуалды талдауға, Каспийді делимитациялау үдерісін тездетіп аяқтауға және оның құқықтық мәртебесін басқа да аспектілермен байланысты мәселелерін кідіріссіз шешу қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

«Осыған байланысты біздің Мәскеудегі соңғы кездесуіміздің маңызды нәтижесі барлық тараптардың үстіміздегі жылы Ресей Федерациясында өткізілетін Каспий жағалауы елдері Мемлекет басшыларының 4-ші саммитіне және оның алдында сәуірде өтетін Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне дайындығын растау болады», - деді Қ.Сарыбай.