Ресейде кісі өлтіріп, іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда қолға түсті

Қалалық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті 2007 жылы Ресейдің Түмен қаласындағы скверде әйел адамды өлтіріп қашып кеткен көрінеді.

Қазір оны еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.