Ресейде кондуктор қазақ балаларын автобусқа кіргізбеді

Mash Telegram каналына сілтеме жасаған Life.ru  порталының хабарлауынша, оқиға былай болған. Кондуктор жас балаларға жол ақысын үнемдеу мақсатында жалған студент куәліктеріне ие болып алды деп кінә таққан. Отандастырымыз, өз кезегінде, автобустан шығудан бас тартып, өзінің куәліктері ресми екеніне оны сендіріп бақты. Жанжал одан ары дами түсіп, ақыры кондуктор балалардың ұлтына сөз тигізіп, балағаттай бастады.


Loading...

Ең қызығы, аталмыш "тергеуші" қазақ студенттерінен басқа өзге жолаушылардан тіпті жол ақысын да сұрамаған. Алайда, олар өз кезегінде оның ашуын басуға тырысып бақты.

Бүгінгі күні кондуктор жұмысынан босатылды.