Ресейде коронавирусқа қарсы үшінші препарат мақұлданды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Дереккөз мәліметінше, осыған дейін "Авифавир" мен "Арепливир" дәрілері мақұлданған.

"Коронавирді тек стационар жағдайында ғана қолдануға болады. Дәрі жүктілік және оны жоспарлау кезінде, емізу кезінде, сондай-ақ ауыр бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар адамдарға ішуге болмайды. Препаратты 18 жасқа дейінгі адамдарға да қолдануға болмайды.