Ресейде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

«Тікұшақ апатының орнына келіп жеткен құтқару-іздестіру тобының есебінде, апат салдарынан экипаж құрамындағы үш ұшқыш пен бір техник нұсқаушы қаза тапқаны көрсетілген», - делінген елдің қорғаныс министрлігі таратқан ақпараттық хабарламада.

Ми-8 тікұшағы Остров әуе айлағынан Псков облысына жоспардағы оқу-жаттығу ұшуын жүргізген. Экипажбен байланыс жергілікті уақытпен 19.21-де үзіліп кеткен.

Қазір апат орны қоршалған, сол жерде Ресей ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиға орнына әскери комиссия жіберілді.