Ресейде өршіген доңыз тұмауы Қазақстанға таралуы мүмкін

Оның үстіне жақында доңыз тұмауынан Алматы облысындағы түрмелердің бірінде істейтін фельдшер көз жұмған болатын. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі барлық аймақта эпидимиологиялық жағдайды күшейтіп, жаппай вакцинация жүргізуде. Егу науқанына бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Әлемнің бірқатар елдерінде дендеген доңыз тұмауы, көрші Ресейде де өршіген. Мыңдаған мектеп пен балабақша карантинге жабылды. Қауіп Ресеймен шекаралас өңірлерге де төніп тұр. Қазірдің өзінде Шығыс Қазақстан облысында доңыз тұмауына шалдыққандардың өскені байқалады. Сондықтар әуежайлар мен вокзалдарда бақылау күшейтілді.

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-Бізде тепловизорлар мен алыстан қызу өлшейтін құралдар жеткілікті. Көбіне олар әуежайлар  мен вокзалдарда орнатылған. Бірақ соңғы жылдары бұл құрылғылардың арқасында қандай да бір дертті анықтадық деп айта алмаймын.

Loading...