Мұндай бастаманы ресейлік заң шығарушылар Қырғызстандағы бірқатар оқиғалардан кейін ұсынған. Онда спорт лагеріндегі сатушы қыз мен бала физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады. Ұрып-соғу мен мазақ етудің басты себебі – екеуінің орыс тілінде сөйлеуі болған.
"Депутаттар бұндай жағдайға қатысты шаралар қолдану керектігін айтады. Орыс тілді тұрғындарға қарсы осындай әрекеттерді жасауға мүмкіндік бергендердің Ресейге кіруіне тыйым салуы ұсынылды", - деді Володин өзінің Telegram каналында.
Бұған дейін РФ президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің (АҚК) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы Қырғызстандағы орыстарды қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге шақырған болатын.