"Егер де сайлау алдағы жексенбі күні болса, қазіргі вице-премьер ең көп дауысқа ие болар еді. Премьер-министр Виктор Зубковқа сайлаушылардың 11 пайызы, тағы бір вице-премьер Дмитрий Медведевке 13 пайызы, ал Сергей Ивановқа 16 пайызы дауыс берер еді", - деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігіне "Левада-Орталықтағы" ақпарат көзі.
Сауалнама қарашаның 12 мен 15 аралығында 45 аймақта жүргізілген, қателік 3 пайыздан аспайды. Әлеуетті мұрагерлердің рейтингі соңғы бір ай ішінде қателік аясында өзгерген. "Левада-Орталықтың" қазан айындағы сауалнамасына сәйкес, олар тиісінше 10%, 14%, 14% дауыс жинаған.
С.Иванов президент сайлауының екінші турында да жеңіске жетеді. "Левада-Орталықтың" мәліметтері көрсеткендей, егер екінші турға екі бірінші вице-премьерлер өтетін болса, Иванов 28 пайыз, ал Медведев 25 пайыз дауысқа ие болуы мүмкін. Егер екінші турға Зубков пен Иванов шығатын болса, онда Иванов өз басшысын 8 пайызға басып озуы мүмкін (сәйкесінше 22 және 30 пайыздан). Ал Зубков - Медведев жұбында да вице-премьер министрлер кабинетінің басшысын жеңіп отыр - тиісінше 26 және 22 пайыздан. Дәл осы секілді көрініс қазан айындағы сауалнама қорытындысы бойынша да көрінген еді. Онда да Ивановтың Медведевтен сәл ғана басымдығы, ал Зубковтан оқ бойы озуы байқалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті