Оңтүстік Қазақстан облысынан барған автобустың екі жүргізушісі Қазақстан азаматтары екені белгілі болды. Олардың біреуі 47 жастағы Данияр Шілдебаев қаза тапты. Екіншісі 40 жастағы Нұрғали Сарманов аман, ол қаласына Покров жеткізілген.
Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша 6 қазан сағат 3.30-да Владимир облысы Покров станциясы ауданында жолаушылар автобусы Санкт-Петербург – Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысты. Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан автобус 55 Өзбекстан азаматын тасымалдаған. 6 қазанға қараған түні трассадағы кептелісті айналып өтіп, темір жол өткелінде қызыл түске жүрген автобус сынып тоқтап қалады. Жүргізуші келе жатқан пойызды көріп, айқайлап жіберген, 34 жолаушы атып шығып, автобусты итере бастайды. Бірақ пойыз тоқтап үлгермей, автобусқа соғылады.
Соңғы мәліметтер бойынша автобус ішінде болған 18 адам қаза тапты. Жүгіріп шыққандар аман қалды.