Ресейде құрастырылып жатқан KazSat-3 байланыс серігі 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығында ұшырылады

"Ақпараттық желілік жүйелер" ресейлік кәсіпорны келесі жылы ұшыруға қазақстандық және украиналық телекоммуникациялық серіктерді дайындамақ, деп хабарлады "Ақпараттық желілік жүйелердің" бас құрастырушысы және бас директоры Николай Тестоедов.


           "Луч 5В" аппаратымен бірлесіп KazSat-3 серігін және украиналық Lybid байланыс серігін оларды дайындау қарқыны мен ғарышжайдың әзір болуына орай 2014 жылдың 2-ші жартыжылдығында ұшыру көзделген", деді ол.
           Н.Тестоедов атап өткендей, "Ақпараттық желілік жүйелер" сондай-ақ Бразилия үшін байланыс және Жерді қашықтықтан барлау жүйесі құрамдастырылған серіктік жүйе бойынша келісімшартқа дейінгі жұмыстарды жүргізіп отыр, армян байланыс серігі мен индонезиялық TELKOM 3R ғарыш аппараты үшін де сондай жұмыстарды жүргізуде.