Ресейде Құрманбек Бакиевтің төңірегіндегілер ұсталды

деп хабарлайды Росбалт агенттігі.

ІІМ Қылмыстық іздеу бас басқармасының басшысы Тілек Әлібаев, басқарманың жедел тобы Ресейге 2 маусымда аттанғанын атап көрсетті. «Олар халықаралық және мемлекетаралық іздеуде жүрген сегіз қылмыскерді ұстады, олардың үшеуі елдің оңтүстігінде 2010 жылдың маусым айында болған оқиғалар бойынша қозғалған істер бойынша күдіктілер», - деді Т.Әлібаев.

Оның айтуынша, 8 маусымда Мәскеуде активтерді басқару комиссиясының бұрынғы мүшесі және АзияУниверсалБанктің тәуекел-менеджмент бөлімінің экс-басшысы Сергей Костюк ұсталды. «Максим Бакиевтің (экс-президенттің ұлының) қаржыгері болған ол Бакиевтердің отбасылық есепшоттарындағы ақшаның қайда кеткенін білуі мүмкін. Қазір оны елге экстрадициялау мәселесі шешілуде», деді Т.Әлібаев.

Т.Әлібаев басқа ұсталған азаматтардың аты-жөндерін атаған жоқ.