Интернеттегі сауда-саттық компаниялардың қауымдастығы басшысы Алексей Федоровтың айтуынша, осы мәселе кеден және пошта қызметімен бірге жабық конференцияда талқыланады.
Федоров анықталған контрафактілік өнімді тәркілеп, жоюды ұсынады. Ол сатып алушыны жазаламау керек деп отыр. «Өйткені ол жасанды тауар екенінен бейхабар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өндіруші тарап сараптамаға шақырылып, егер жасандылық айқындалса, зат тәркіленіп, жойылады», - деп түсіндірді ол.