Ресейде тағы бір отандасымызды өлтіріп кетті


Алдымен қасөкөйлер 32 жастағы азаматшаны жабылып зорлаған. Кейін  басын жарып, мәйітін өзенге лақтырып кеткен. Әзірше, Ішкі Істер органдары қылмыскерлерді тұтқындаған жоқ. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, жерлесіміз ұлтшыл тақырбастардың қолынан мерт болған. Өйткені тура сол күні тағы бір дағыстандық қызды дәл осылай зорлап, денесін бөлшектеп тастапты. Әзірше еліміздің құзырлы органдары үнсіз. Сыртқы істер министрлігі жантүршігерлік оқиғаны Мәскеудегі елшілік бақылауға алды деп құтылды. Айта кетсек, бұл Ресейде қаза тапқан алғашқы Қазақстан азаматы емес.