Ресейде терроризмді насихаттаған Қазақстан азаматы ұсталды

Бұл туралы ТАСС хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Ресей Федерациясының ФҚҚБ Томск облысы бойынша тергеу бөлімі қазақстандық азаматқа қарсы «Лаңкестік, терроризм әрекеттерін жасау үшін көпшілікті өзіне шақыру немесе терроризмді насихаттау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған бап жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жазаны көздейді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдікті Томск қаласында террористік шабуылдарды насихаттайтын материалдар таратып, лаңкестердің жасаған әрекеттерін ашық түрде ақтап отырған.