Ресейде Ұлы Отан соғысы жылдары із-түссіз жоғалып кеткен павлодарлық жауынгердің медальоны табылды

Медальон Новгород облысы Чудовск ауданында, Мостки ауылы маңайынан табылған. "Онда сақталған жазуларға қарап, із кесушілер медальонның Жұмысшы- Шаруалар Қызыл Әскері қатарына М.Горький атындағы ауданы (қазіргі Качирский - Kazakhstan Today агенттігінің ескертуі) Березовка ауылынан шақырылған қатардағы жауынгер Иван Татеновқа тиесілі екенін анықтаған", -деп хабарлайды мемлекеттік мұражай қызметкері Ольга Бобрешова. Бүгінгі күнге дейін жауынгердің тағдыры беймәлім болатын. Ресми түрде ол жоғалғандар санатында еді.

Медальонды тауып алған іздеуші Владимир Каминскийдің агенттік тілшісіне айтқан әңгімесіне қарағанда , жауынгердің мәйітін табу мүмкін болмаған. "Біз оның бауырластар зиратында жерленгеніне жүз пайыз сенімдіміз",-деді іздеуші. В.Каминскийдің айтуынша, 1943 жылы Мостки ауылы маңайында Волховск майданы фронтының 2 -ші соққыгер әскерінің жауынгерлері қоршауға алынып, жарты жыл бойы бекіністі ұстап тұрған.

Зерттеушінің сөзіне қарағанда, павлодарлық жауынгерге тиесілі медальонның ішінде майдангер үшбұрышынының сарғайып кеткен бөлігі табылған, онда жауынгердің үйінің адресі жазылыпты.

Қазіргі кезде ресейлік іздеушілер мен павлодарлық археографтар медальонды тапсыру үшін қатардағы Иван Татеновтың туыстарын іздестіруде. "Шаруа кітабында оның Сайран есімді ұлы мен Алтын есімді қызы болғаны туралы жазылған" ,-деп хабарлады О. Бобрешова.

Бұл соғыстан кейін көп жыл өткеннен соң Қазақстаннан шақырылған жауынгер тағдырының белгілі болып жатқан алғашқы жағдай емес. 2005 жылы Жеңістің 60-жылдығы қарсаңында Калуга облысында ресейлік іздеушілер басқа қазақстандық жауынгердің сүйектерін тауып алған болатын. Ол кезде қауыздың ішінде бүтін сақталған жауынгердің отбасылық суреті табылған, ол да жоғалғандар санатында еді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті