Caravan Logo

Ресейде үш ер адам қыз баланы зорлап, артынша оны қонақүйдің терезесінен лақтырып жіберген

Ресейде үш ер адам қыз баланы зорлап, артынша оны қонақүйдің терезесінен лақтырып жіберген

Бұл туралы Tengrinews.kz L!FE жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

БАҚ мәліметінше, 25 жастағы қыз ауыр жарақаттар алған. Зорлық құрбаны болған қыздың Өзбекстан азаматшасы екені және оны отандастары зорлағаны анықталды.

Бұл оқиға 4 тамызда "Белые ночи" қонақүйінде болған. Кейбір деректерге сүйенсек, қыз ер адамдармен бірге ішімдік ішкен. Тағы бір деректерге қарасақ, ер адамдардың оны қонақүйге зорлап әкелгені айтылады.

Басылымның мәліметінше, зардап шеккен қыз қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Осы іс бойынша екі күдікті ұсталған. Олардың бірі - 19 жаста, ал екіншісі - 25-те. Қылмыстық іс қозғалған.