Ресейде жолаушылар ұшақты итеріп оталдырды


Ұшақ Икарка қаласынан Красноярскіге ұшуы тиіс болған екен. Алайда, әне-міне әуе көтерілейін деп тұрған тұста доңғалағы үсіп, оны орнынан қозғалту үшін жолаушылар түгел ұшақтан түсіпті. -52 градустық аязға қарамастан бір топ жігіттер білек күшімен 47 тонналық техниканы орнынан жылжытты. Қатып қалған шасси көп ұзамай іске қосылып, «күші тасыған» жолаушылар діттеген жерлеріне ұшып кетті.