Ресейдегі Ашулық полигонында "Жауынгерлік достастық-2007" оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқу-жаттығулардың екінші кезеңіне 3 мыңнан астам әскери, 30-дан астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысуда Авиация саласы 100-ден астам ұшулар жасамақ".

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, " ТМД-ның біріккен әуеден қорғаныс жүйесі мен Әскери-әуе күштері топтарының жауынгерлік әрекеттерін ТМД елдерінің әскери мекемелерінің басшылары қадағалайды, олар оқу-жаттығу аймағына келді".

"Оқу-жаттығулар барысында 20-дан астам зенитті және авиациялық зымырандар пайдаланылады", - деді генерал-лейтенант Владислав Стыценков Ресейдің "Новости" агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, "С-300" зенитті зымыран жүйесінің бестен астам зымыраны қанатты және баллистикалық зымыран ролін атқаратын нысаналарды атуға пайдаланылады. Ол жауынгерлік атыстарды Ресей мен Беларусьтің зенитті зымыран жүйесінің "С-300" , сондай-ақ, Қырғызстанның "С-25" жүйесінің атқыштары жүзеге асырады деп атап өтті. Генералдың айтуынша, сонымен қатар Ресей мен Беларусьтің Су-27, Ми-29 және Су-25 ұшақтарынан да зымырандар атылмақшы.