Ресейдегі бес мыңға жуық қазақстандық сайлауға белсене қатысты

РФ-дағы ҚР Елшілігі мен консулдық мекемелері жанынан ашылған сайлау учаскелеріне сайлаушылардың келу көрсеткіші 95,98% құрады.

Мәскеудегі РФ-дағы Қазақстан Елшілігі Резиденциясында орналасқан №215 сайлау учаскесінде 1535 адам дауыс берді, бұл сайлаушылардың 95,99%. 99,73% сайлаушы дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Санкт-Петерборда 988 адам дауыс берді, сайлаушылардың келу үлесі 95% құрады. 99,07% сайлаушы дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Астраханьда 256 адам дауыс берді, сайлаушылардың келу үлесі 97,56% құрады, сайлаушылардың 100% дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.


Қазан қаласында 997 адам дауыс берді, сайлаушылардың келу үлесі 96,33% құрады, сайлаушылардың 100% дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Омбы қаласында 989 адам дауыс берді, сайлаушылардың келу үлесі 95% құрады, сайлаушылардың 99,59% дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Мәскеудегі дауыс беру деңгейі халықаралық байқаушылар тарапынан жоғары бағаланды.