Ресейдегі күре жолда доңғалақ ауыстырып жатқан қазақстандық мерт болды

ІІМ Новосібір облыстық басқармасының мәліметтеріне қарағанда, 10 қазан күні таңертең Карасуктың 34 жастағы тұрғыны Mitsubishi Canter автомобилімен К-17p «Новосібір-Павлодар» автожолында келе жатып, 279-километрде 05:40-та жолдың оң жиегінде тұрған DAF жүк көлігін соғады. Оның сол кезде көліктің доңғалағын ауыстырып жатқан 21 жастағы жүргізушісі оқиға орнында ажал құшқан.

Мерт болған жүргізуші Қазақстан Республикасының азаматы екендігі анықталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарылады.