Ресейдегі Қазақстанның жаңа елшісі Әбіқаев президентке оған көрсеткен сенімі үшін өз алғысын айтты

"Мен президентке қазіргі уақытта өте маңызды болып табылатын жұмыс учаскесін сеніп тапсырғаны үшін алғысымды білдіремін. Ресейдегі Қазақстан елшілігі СІМ-нің құрамындағы мекемелердің арасындағы маңызды учаске болып табылады, себебі Ресей біздің стратегиялық әріптесіміз", - деді Н. Әбіқаев сенаттың жалпы отырысының аяқталуына байланысты өткен брифингте.

Н. Әбіқаев елші болып тағайындалуды қызмет бабындағы төмендету деп санамайды. "Мемлекет игілігі үшін қандай учаскеде қызмет атқарсам да оны төмендету деп санамаймын",- деді ол.

Сонымен қатар, Н. Әбіқаев Ресейдің ұлы мемлекет екендігін атап өтті. "Мәңгілік достық туралы келісімде жазылғандай, Құдай біздің көршіміз етіп жаратқан Ресей сияқты ұлы мемлекетте елші болу маңызды міндет деп санаймын",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті