Ресейден әкелінген көлік иелеріне арналған Сall-орталық іске қосылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу мәселелері бойынша ақпаратты жедел ұсыну үшін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде Call-орталықтар ашылды. Жүргізушілер Call-орталықтарға қызығушылық танытқан ақпаратты алу үшін жүгіне алады.

Телефон арқылы көлік құралын пайдалану және тіркеу туралы ақпарат алуға, сонымен қатар көліктің РФ-те тіркелгенін тексеруге болады.


Сall-орталық нөмірлері: 8 (7172) 71- 69-77, 67-75-75, 8 705 164 7191, сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін.