Ресейден заңсыз жолмен дәрі-дәрмек әкеле жатқан Өзбекстан азамтшалары Семейде ұсталды

Бұл туралы Қазақстан ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сегіз  сөмкеге салынған 68 түрлі дәрі-дәрмектің иелері Өзбекстанның үш азаматшасы болып шыққан.

Тәркіленген дәрілер құны 1 млн теңгеден асады.


Ұсталған азаматшалар дәрі-дәрмектерді Ресейден сатып алған, енді оны Алматыға апарып сатпақ болған.