Ресейдің Алтай Республикасы аумағында жер сілкінді


Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жер дүмпуінің кіндігі Ресей аумағында Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 1111 шақырым жерде Ресейдің Алтай Республикасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 13.1. Тербелісі  MPV 5.5. Жер дүмпуі ошағының координаттары: солтүстік ендікте  - 50.06°, шығыс бойлықта -  87.43°. Тереңдігі - 5 шақырым.

Жер асты дүмпулерінің сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) Зыряновта - 2-3 баллды құрады.