Ресейдің әскери Жоғары оқу орындарына Қазақстандық 254 курсант түсті

ҚР және РФ қорғаныс министрліктері өкілдерінің 2003-жылғы 16-тамызда қол қойған қосымшасына сәйкес қазақстандық курсанттардың барлығы да Ресейдің әскери оқу орындарына квота негізінде қабылданды.

ҚР Қарулы күштерінің әскерилері Ресейде тегін білім игереді. ҚР қорғаныс министрлігі тек көлік құны, медициналық сақтандыру, азық-түлік, киім-кешек және тұрғын үй қамтамасыздығы тәрізді шығындарды көтереді.