Улану ісіне қатысты 11 адам ұсталды. Олар - адам ағзасына зиянды концентратты жеке саудалаған кәсіпкерлер. Ұсталғандардың бірқатарына айып тағылған. Істі тексеру Ресейдің тергеу комитетінің орталық аппаратына тапсырылды.
Сәрсенбіге қараған түні комитет басшысы Александр Бастрыкин Иркутскіде шұғыл жиын өткізді. Хабарларға қарағанда, көпшілік уланып қалған "Боярышник" деп аталатын ваннаға арналған заттың құрамында метил спирті болған. Жәбірленушілер 17 желтоқсанда кешкісін ауруханаға түсе бастаған.
Дүйсенбіде Иркутскіде төтенше жағдай енгізілді. Құрамында спирті бар сұйықтықтарды сатуға уақытша тыйым салынды.