Ресейдің мекемеаралық комиссиясы РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін тамыздың аяғына дейін таныстыруға тиіс



2006-жылдың 26-шілдесінде ғарыштық аппараттарды алып ұшқан РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін анықтау жөніндегі Ресейдің мекемеаралық комиссиясын осы елдің қорғаныс министрлігі құрған. Оны "Машина жасау жөніндегі орталық ҒЗИ" бас директоры, Ресей ҰҒА-ның академигі Николай Анфимов басқарады.

Комиссия құрамына "Роскосмос", Ғарыштық әскерлер, "Южное" мемлекеттік конструкторлық бюросы, "Космотрас" МКК мен басқа да мүдделі құрылымдардың өкілдері енген.

Комиссияның отырысы 4-тамызда Украинаның Днепропетровск қаласында өтеді.