Ресейдің Мемлекеттік думасы президенттің өкілеттілік мерзімін арттырады

Өздеріңізге мәлім, Ресей президенті Владимир Путин сайлау өте сала президенттік және парламенттік сайлаулардың бір-бірін "өкшелей келетініне" байланысты өкініш білдіре отырып, болашақта осынау екі шараның өткізілу мерзімін бір-бірінен алшақтату жөнінде нұсқау берген.

"Президенттің бұл кеңесі Конституцияға президенттік мерзімді ұзарту жөнінде бап енгізу арқылы өзгерту енгізілетіндігін меңзейді", -деп хабарлайды "Единая Россия" партиясының баспасөз қызметінен.

Ресейде президенттің өкілеттілік мерзімі 4 жыл екенін еске сала кетейік.

Агенттікпен сұхбаттасушының атап көрсеткеніндей, Ресейдегі парламент сайлауы кейінгі кездері президенттік сайлаудың өзіндік репетициясына айналғандай. Мәселен, 1995-1996 жылдары осындай жағдай болған. "Борис Ельцин мерзімінен бұрын отставкаға кеткен соң парламенттік және президенттік сайлаулардың арасындағы мерзім тіптен жақындай түсті. Сол себепті осынау тығырықтан шығудың жалғыз жолы - президенттік мерзімді 5 жылға дейін ұзарту", -деп санайды "Единая Россия" партиясындағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті