Ресейдің Мемлекеттік Думасы үш партиялы болуы мүмкін - сауалнама мәліметтері

Өткен аптада "Қоғамдық пікір" қоры Ресейдің 44 облысы, аймақтары мен республикаларында 100 елдімекенде сауалнама өткізді. "Егер сіз 2007 жылғы желтоқсанда Мемлекеттік Дума сайлауына қатысатын болсаңыз, онда қандай партия үшін дауыс берер едіңіз?" деген сауалға респонденттердің 62% "Единая Россия" үшін ; 12% - РФКП үшін, 9% РЛДП үшін; "Справедливая Россия" үшін 7% жуығы дауыс береміз деп жауап берген.

Бұрынғыдай "Яблоко", Аграрлық партия, СПС пен "Патриоты России" сайлауда аутсайдер болмақ. Олар үшін сайлаушылардың небәрі 1-2% идауыс бермекші. Қалған партиялар бір проценттен төмен дауыс жинайды деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті