Ресейдің Мемлекеттік думасына маскүнемдік пен нашақорлықтан күшпен емдеу жөнінде заң жобасы енгізілді

Нақтырақ айтқанда, "Есірткі заттары және адамды есіртетін заттар туралы" федералдық заңға түзетулер енгізу туралы заң жобасы енгізілді.

Депутаттар созылмалы алкогольдік және есірткі тәуелділігіне ұшыраған тұлғаларға қатысты қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзған жағдайда олардың келісімінсіз емдеуді заңдастырмақ ниетте. 16-жасқа дейінгі жасөспірім нашақорға наркологиялық көмек олардың келісімінсіз, алайда, олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен немесе өтінішімен жасалуы керек.