Ресейдің Омбы қаласында балалар 6 пәтерді өртеп жіберген

Салдарынан өрт шығып, алты пәтерге зардабын тигізді, делінген бүгін РФ ІІМ Омбы облысы бойынша басқармасының сайтында.

«Куәгерлердің айтулары бойынша тәртіп сақшылары 7 және 11 жас аралығындағы төрт баланың ойнап жүріп, бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконына тұтанған сіріңкені лақтырғанын анықтады», - делінген ведомство хабарламасында.

Салдарынан балкондағы мүлік отқа оранды. Кейін жалын тұрғын үйге көшіп, алты пәтерге зақым келтірді.


Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

Қазір балалармен және олардың ата-аналарымен кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор жұмыс істеп жатыр.