Ресейдің Қазақстандағы жылы аясында елімізде осы елдің өнер фестивалі өтеді

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Астанаға Нина Ананиашвили, Николай Цискаридзе, Геннадий Янин, Светлана Захарова, Андрей Уваров, Ирина Желонкина, Юлия Махалина сынды балет жұлдыздары келеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, Мария Гаврилова, Лариса Рудакова, Бадри Майсурадзе, Зураб Соткилава, Николай Басков, Леонид Болдин, Дмитрий Хворостовский, Павел Черных сынды сахна майталмандары Ресейлік ақын-жыршылардың шығармаларын орындайды.
Еліміз тұрғындары Сергей Образцов атындағы қуыршақ театрының, "Сатирикон" және "Малая Бронная көшесіндегі театр" ұжымдарының қойылымдарын тамашалап, Игорь Бутманның джаз ансамблінің өнеріне тәнті болады.
Фестиваль аясында "Кремль құндылықтары", "Эрмитаждағы асылдар", "Халықтық қолөнер саласындағы орыс дәстүрлері", "Ресей жеріндегі саяхат" тақырыбындағы көрмелер ұйымдастырылмақшы.