Ресейдің Самара облысының губернаторы К.Титов "Достық" орденімен марапатталды

Н.Әшімов пен К.Титовтың кездесуінде екі аймақ арасындағы шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Аймақ басшылары екі облыс арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту мәселесіне баса назар аударды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі еліміздің ең ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылатын Ресеймен арадағы сауда-саттық аясын кеңейту - Қазақстанның сыртқы экономикалық басты бағдары екенін атап өтті. 2003-жылы Батыс Қазақстан облысына Ресейден импортталатын өнім мөлшері 113 процентке артып, 23,9 млн. долларды құрады.
Қазақстандағы Ресей жылы аясында осы елдің бес облысының өкілдері Батыс Қазақстан облысына ресми сапармен келіп қайтады деп күтілуде. Екі жақты байланыстарды нығайтуға бағытталған бұл сапар 2004-жылдың мамыр айына белгіленген.