Ресейдің соңғы тақ мұрагеріне Франция премьер-министрі сыйлаған тарихи ойыншық көрмеге қойылды


Көрме 17 ақпанда ашылып, 10 наурызға дейін жалғасады. 

Образцов театры мұражайының директоры Гордей Салтыковтың айтуынша, қуыршақ театрын патша отбасына 1914 жылы 9 шілдеде Санкт-Петерборға ресми сапармен келген Франция Премьер-министрі Раймон Пуанкаре сыйлаған болуы мүмкін. Бұл күні Николай ІІ күнделігіне: «111/2 Пуанкаре Аликс пен балаларға сыйлық әкелді» деп жазған.  

Тағы бір болжам бойынша, шағын қуыршақ театрын Алексейге арнап жасаған болуы мүмкін. Себебі, қуыршақтар бейнесі Николай ІІ мен ханшайымға және Распутинге ұқсайды.