Ресейдің тағы бір қаласында жарылыс болды

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында мектеп жанында жарылыс болды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жедел қызмет қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Нақтыланған ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай мектеп жанында болған.

«№ 5 лицей күзетшісі мектеп аумағын аралап жүрген кезде жерде қалта шамына ұқсас зат жатқанын байқаған. Оны көтере бергенде, жарылыс болды», - деп жазады БАҚ.

Салдарынан ер адам бір саусағынан айырылды, сондай-ақ кеуде тұсын күйік шалған. Күзетші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.


Қазір аталған іске қатысты тексеріс жүріп жатыр.