Ресейдің танымал алкогольдік өнімдерін сатуға тыйым салынды


Ботакөз Әбдірова, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы:

-Алкоголь өнімдері тағам қауіпсіздігіне сәйкес келмегендіктен ҚР аумағында өткізуге рұқсат етілмейті, тыйым салынды. Бұл өнімдер арақтар. Олар Ресей Федерациясында өндірілген.

Яғни, Ресейдің арақ зауыттары ұзақ уақыт Қазақстанға сапасы өте төмен және құрамында денсаулыққа аса қауіпті қоспасы бар алкогольдерді еркін сатып келген. Біздің шенеуніктер шетелдік өнімдердің  зияндығын тіпті үнемі үздіксіз ішкен адам уланып қалуы ғажап емес екенін енді байқап отыр. Сөйтіп, көршілеріміздің жиырмаға жуық спирттік ішімдігін ел аумағында саудалауға және шекарадан алып өтуге шектеу  қойлыпты. Талапты бұзған кәсіпкерлер қатаң жазаланады. Сондай-ақ, жуырда елімізде Кеден одағы аясындағы тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Италия, Франция, Шотландияның алкоголіне де тыйым салынған еді.