Ресейдің «Тополь» зымыраны бірнеше ел тұрғындарының зәресін алды


Бірақ бұл ешқандай да аспан денесі емес, Ресейдің Капустин Яр полигонынан ұшырылған зымыран. «Тополь» баллистикалық зымыраны Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында орналасқан шартты нысанды жоюы тиіс болған көрінеді. Ресей тарапы мұндай әскери жаттығуын жиі өткізіп тұрады. Айта кетсек, бүгінде Қазақстан аумағында Ресей жалға алып отырған осындай 7 бірдей полигон бар. Кремль төлейтін тиын-тебенге алданбай, ұрпақ денсаулығын ойлауды табиғат нарашырлары талай айтқанымен, олардың қарсылық акциясына құлақ асып жатқан билік жоқ.