Бұл туралы Түркияның Эн-Ти-Ви арнасына сілтеме жасап РИА-Новости хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда оқиға Анкара қаласындағы «Ресей - Түріктер көзімен» атты фотокөрменің ашылу салтанатында болған. Тағы үш адам жарақат алды деген дерек бар. Алайда кімнің не мақсатпен оқ атқаны әзірге белгісіз. Ресейдің Анкарадағы елшілігі осы оқиғаға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Оқиға орнына Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу келіп жетті. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, қылмыскердің көзі жойылған. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр.