Ресейдің Внешторгбанкі Наурыз банкті сатып алу туралы түбегейлі шешім қабылдаған жоқ

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресейдің мемлекеттік банкі консервациялау тәртібіне көшкен Наурыз банкке қатысты Агенттікке хат жолдаған болатын. Дәл осы хатқа байланысты ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі консервациялау мерзімін 2005-жылдың сәуір айына дейін екі айға созған.

Б.Жәмішевтің айтуынша, Внешторгбанк инвестор ретінде өз ұстанымын әлі де нақты анықтай қоймаған. Ал Наурыз банкті сатып алу үшін қойылған басты шектеу фактор - уақыт тапшылығы болмақ. Б.Жәмішевтің айтуынша, Внешторгбанк тарапынан Наурыз банкке инвестиция салу туралы нақты оң шешім қабылданған жағдайда аталмыш мәселе инвестордың пайдасына орай қайта қаралу мүмкіндігі бар.