Ресейге 16 тонна контрабандалық жүк алып бара жатқан қазақстандық қолға түсті


16 тонна жүк артып «Федоровка (ҚР)-Челябинск (РФ)» бағытында кетіп бара жатқан "КамАЗ" жүк көлігін ұстады. 

Шекаралық тексеру кезінде 37 жастағы отандасымыздың Ресей Федерациясына темір-терсекті алып шығуға қатысты құжаттары жоқ болып шықты.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды, деп хабарлайды  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.