Лондонда орналасқан Сириялық адам құқықтары жөніндегі обсерватория (Syrian Observatory for Human Rights) басшысы Рами Абдель Рахманның айтуынша, Аль-Шафах қаласында кем дегенде 53 бейбіт тұрғын ресейлік әуе бомбаларының кесірінен қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC News-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғаушының мәлімдеуінше, олардың ішінде 21 бала бар.
SOHR-дың ресми сайтында 34 рет болған жарылыс құрбаны туралы айтылады. Рахман қайтыс болғандардың саны өскенін де мәлімдеді.
Ресейдің СІМ бұған дейін ресейлік әуе-ғарыштық күштерінің алты бомбалаушысы Сирияның солтүстік-шығысында соққы жасағанын хабарлады. Шабуылдың мақсаты «Ислам мемлекеті» террорлық тобының нысандары болатын.
Аль-Шафак қаласы Дейр-эз-Зор провинциясында орналасқан. Ол - ИМ экстремистерінің бақылауындағы аймақтардың бірі.