Ресейге контрабандалық жолмен бензин өткізу әрекеті тойтарылды

ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасына сәйкес, өткен демалыс күндері шекара жасағы Ресей мен Қазақстан азаматтарын ұстады. Олар тіркемесі бар «МАЗ» және «Ивеко» көліктерімен АИ-80 маркалы 86 тонна бензинді мемлекеттік шекара арқылы жалған құжатпен өткізбек болған.

Көліктер Павлодар – Барнауыл (РФ) бағытында сапар шеккен. Тексеру анықтағандай, жүктің жол құжаттары дұрыс емес болып шыққан.


Бұл факті туралы құқық қорғау органдарына хабарланды.