Ресейлік әйел бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

1 маусымда Өскеменде көші-қон қызметкерлері қос азаматтық алған әйелді анықтаған. 64 жастағы әйел 17 жылдан бері көрші ел азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып, 5 жыл бойы зейнетақы алып жүрген.

"Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды және заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр", - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.