Ресейлік әуе компаниясының Қазақстан нарығына кіруі үлкен шу тудырды

Бұл украиналық «Харьков авиалиния» компаниясына тиесілі «Boeing 767-300» ұшағы. Экипаж мүшесін қоспағанда 224 жолаушыға арналаған орыны бар.Бірер жыл бұрын ұшақ лизингтік жолмен ресейлік «Инвест Авиа» компаниясының меншігіне өткен. Бірақ қазан айынан бері ол біздің нарыққа кіріп, чартерлік рейс жасауға мүмкіндік алып отыр. Оған Азаматтық авиация комитетінің өзі рұқсат беріпті.

Бірақ шетелдік компанияның өз қатарларына қосылуын отандық әуе жүйелері қолдап отырған жоқ. Олар бүгін жиналып, қарсылық білдірмек болды. Тек белгісіз себеппен басқосу болмай қалды.

-Басқосу шегеріледі ...

Бірақ әңгіменің ашығын айтуға келген топқа бұл да тоқтам болған жоқ.

Андрей Тен, әуе компаниясының өкілі:

- Бұрын біздің 5 ұшағымыз чартерлік рейсті орындаса, қазір біреуі ғана қалды. Енді ресейлік компания қатарымызға қосылса, біз мүлдем жұмыссыз қаламыз. Қысқарту болады. Сондықтан «Инвест Авианың» Қазақстан нарығына келуін қолдамаймыз.

Алайда еліміздің нарығына кіріккен ресейлік компанияның кері қайтқысы жоқ. Тіпті Алматыда өкілдік ашып үлгеріпті. 30 қазанда алғашқы рейс те жасаған. 200-ге жуық адамды Қара теңіз жағасына жеткізіпті.  Сондықтан кәсіптерін бастамай жатып тастамақ емес.


Асқар Нұрғалиев, “Инвест Авиа» компаниясы басқарма кеңесінің директоры:

- Бұл – бәскелестіктен қорыққандардың ісі. Иә, нарықта нарықта шектеу барын түсінемін. Десе де біз Қазақстанға бірінші рет келіп отырған компания емеспіз. Үкімет рұқсат бергеннен кейін, біз қызметімізді мұнда жалғастыра береміз.

Бұл шетелдік компанияның кері кетуін туроператорлар да қолдап отыр. Өйткені «Инвест Авиа» қазақ саяхат агенттіктерімен емес, ресейлік «Пегас туристикпен» жұмыс істеуге ниетті екен. Ал бұл қазақ тұтынушыларын саны азаяды деген сөз. Оның үстіне, «Boeing 767-300» ұшағы ескі болғандықтан, оның техникалық сапасына күмән бар.