Туристер дүйсенбі кеште құтқару қызметіне қоңырау шалған, таңсәріде апаттық-құтқару қызметі оларды іздеуге кірісті, деп облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екі сағаттан кейін олар жартастан табылған.
Туристер тауда демалуды ұйғарған, бірақ тауды аралап жүріп бағдардан айырылып, өздігінен шықпай, құтқарушыларды күтуге бел буған.
Құтқарушылар Оңтүстік Қазақстанда тұратын 29 және 24 жастағы екі әйел мен Тюменнің 29 жастағы тұрғынын аман-сау алып шықты.