Ресейлік азамат шекарадан 3 млн рубльді шұлығына тығып өтпек болған


Кеден қызметкерлері банкноттарды тәркіледі. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ТАСС-қа бүгін Чита кеденінің баспасөз қызметі.

 «Забайкалье халықаралық автомобиль рұқсат беру пунктінде жеке кедендік тексеру барысында азаматтың аяғына киген шұлығынан 5 мыңдық 600 купюра табылды. Оның жалпы сомасы 3 млн рубльді құраған», - деп атап өтеді ведомстводан.