Ресейлік азаматша контрабанда үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды

азаматшасын есірткі контрабандасы үшін 16 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, Қазақстан азаматшасы болып табылатын оның сыбайласы да осындай мерзімге кесілді. Олар жалпы режімді колонияда жазасын өтейді.

Іс материалына сәйкес, әйел алдын ала сөзбайласу арқылы Ресейдің Орынбор облысы Бугуруслан қаласында 700 грамнан астам героин сатып алып, Оралға апарып сату мақсатында Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізген.