Ресейлік екі хоккейші қарағандылық «Сарыарқа» командасына ойнайды

«Командаға Екатеринбург қаласының хоккей мектебінің түлегі - 27 жасар Игорь Агапитов пен Пермь хоккей түлегі - 26 жасар Владимир Севастьянов келіп қосылды», - делінген «Сарыарқа» хоккей клубының баспасөз қызметі дүйсенбі күні таратқан хабарда.

И. Агапитов Ресейдің жоғарғы хоккей лигасында және «Динамо-Энергия» (Екатеринбург) пен «Спутник» (Нижний Тагил) ЖХЛ клубтарында ойнаған.

В. Севастьянов Ресейдің жоғарғы лигасының клубтарында және «Молот -Прикамье» (Пермь) пен «Спутник» (Нижний Тагил) ЖХЛ командаларында ойнаған.